Еурокубоктардың 2019/2020 маусымынан бастап елдердің клубтар коэффициенті қауымдастық клубтарының 2015/2016 маусымындағы еурокубоктарда жеткен барлық нәтижелерінің негізінде жасалатын болады, сәйкесінше, 2014/2015 маусымында жинаған ұпайлар шегеріледі.
УЕФА коэффициенттерінің кестесі:
1. Испания - 86.212 (2.857)
2. Англия - 74.748 (2.857)
3. Германия - 58.927 (2.857)
4. Италия - 58.510 (2.857)
5. Франция - 50.082 (2.500)
6. Ресей - 42.716 (1.833)
7. Португалия - 41.349 (2.200)
8. Бельгия - 32.100 (1.800)
9. Украина - 30.600 (1.700)
10. Түркия - 30.200 (1.600)
.......
23. Израиль - 19.625 (2.375)
24. Беларусь - 18.625 (2.250)
25. Қазақстан - 18.500 (2.625)
26. Әзірбайжан - 17.500 (2.125)
27. Польша - 16.500 (2.000)
28. Болгария - 15.625 (2,375)
* жақшада осы маусым рейтингі көрсетілген.
Еске салайық, "Астана" футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық "Валлеттаны" 9:1 (5:1, 4:1) есебімен жеңіп, еурокубоктардағы жеке рекордын орнатты.
Енді Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде "Астана" беларусьтік БАТЭ-мен кездеседі. Матчтар 22 және 29 тамызда өтеді. Қазақстандық клуб алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.