Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан соккеден 2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қатарынан үшінші жеңісH тобындағы үшінші тур матчында Қазақстан құрамасы Бельгияны 5:1 есебімен ойсырата ұтты.
Осылай, Қазақстан командасы турнирде қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отыр.
Еске салайық, турнирдегі алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Иракты 13:1 есебімен талқандаса, кейін Түркияны 8:1 есебімен ұтқан болатын.
Осылайша, үш кездесуде Қазақстан 26 гол соғып, өз қақпасына небәрі үш доп жіберді.
Турнирлік жағдайҚазақстан құрамасы үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинап, H тобында көш бастап келеді.
Топта екінші орында Түркия (4 ұпай) тұр. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша төрт ұпайы бар Бельгиядан жоғары орналасқан. Ирак құрамасы әзірге ұпайсыз.
H тобы
Қазақстан - 9 ұпай;
Түркия - 4;
Бельгия - 4;
Ирак - 0.