Футбол
Бүгін 13:15
 

Қазақстан әлем чемпионатында Бельгияны 5:1 етіп ұтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әлем чемпионатында Бельгияны 5:1 етіп ұтты ©instagram.com/internationalsoccafed/

Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан соккеден 2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан соккеден 2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қатарынан үшінші жеңіс

H тобындағы үшінші тур матчында Қазақстан құрамасы Бельгияны 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Осылай, Қазақстан командасы турнирде қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отыр.

Үш ойында - 26 гол

Еске салайық, турнирдегі алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Иракты 13:1 есебімен талқандаса, кейін Түркияны 8:1 есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, үш кездесуде Қазақстан 26 гол соғып, өз қақпасына небәрі үш доп жіберді.

Турнирлік жағдай

Қазақстан құрамасы үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинап, H тобында көш бастап келеді.

Топта екінші орында Түркия (4 ұпай) тұр. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша төрт ұпайы бар Бельгиядан жоғары орналасқан. Ирак құрамасы әзірге ұпайсыз.

H тобы

Қазақстан - 9 ұпай;
Түркия - 4;
Бельгия - 4;
Ирак - 0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!