Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы матчтерге қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, Бахтиёр Зайнутдинов Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы матчтерге қатыса алмайды.
Бахтиёр ЦСКА - "Динамо" ойынында жарақат алды. Медициналық тексеріс нәтижелері бойынша, жаттықтырушылар штабы алдағы ойындарға оны шақырмау туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Астанада Әли Әлиев баптайтын команда Уэльс құрамасымен, ал 7 қыркүйекте Брюссель қаласында Бельгия құрамасымен кездеседі.
Жарнама