Футбол
12 қазан 2023 08:49
 

Қазақстан 2024 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің 4-матчінде жеңіске жетті

Қазақстан 2024 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің 4-матчінде жеңіске жетті ©Vesti.kz, Әлихан Сариев

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен өткен матчта камбэк жасады. Бірінші таймда Әзербайжан командасынан Амадеу (4-минут) пен Галло (8-минут) гол соқты.

Дегенмен Рикардо Кака шәкірттері үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Әуелі 13-минутта Лео алғашқы голды соғып, есепті жаңартса, 18-минутта Біржан Оразов оны теңестірді.

Қазақстандықтарға жеңісті 22-минутта Дуглас Джуниордың соққан голы сыйлады.

Қазір Қазақстан құрамасы төрт кездесуде жеңіске жетіп, 12 ұпаймен "А" тобында көш бастады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық турнирі 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!