Transfermarkt.de дерегі бойынша, алматылықтар ресейлік клубқа 300 мың еуро төлеген. Бұл соманың 5 пайызын, яғни, 15 мың долларды тараздық "Монтажник" пен "Тараз" бөлісіп алады - ФИФА 23 жасқа дейінгі ойыншыны дайындап шыққаны үшін осындай бағдарлама қарастырған.
Осылайша, Сейдахметтің трансфері үшін "Қайрат" 315 мың еуро төледі. Бұл сомада агенттердің комиссиясы мен ойыншының бонустары есептелмеген.
Айта кетейік, Сейдахмет "Уфа" сапына 2018 жылдың ақпанында еркін агент ретінде ауысқан болатын. Бұл клубта ол ресми төрт матчқа қатысып, кейін болгариялық "Левскиге" ауысты да, ол жақта үш ойында алаңға шыққан еді.