"Қазақ Мессиі" Ресейді сол күйі бағындыра алмады - шетелдік БАҚ

Еркебұлан Сейдахмет. Сурет: "Қайрат" ФК
Ресейлік "Уфа Онлайн" сайты "Уфа" клубының трансферіне шолуында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің алматылық "Қайратқа" ауысуы жайлы жазыпты.

"Қазақ Мессиі" Сейдахмет Ресейді сол күйде бағындыра алмады да, Қазақстанға оралды. "Уфада" оған үлкен үміт артқан еді, алайда, футболшы оны ақтай алмады", - делінген шолуда.

Еске салайық, Сейдахметтің "Қайрат" сапына өткені жайлы маусым соңында белгілі болған. Алматылық клуб үшін 19 жастағы форвард ҚПЛ-де сегіз матч ойнап, бір гол салды және екі ассист жасады. Сонымен бірге, ол Еуропа лигасында үш ойын өткізді.