Қазақ қақпашы қырғызстандық командаға қосылды
"Атырау" футбол клубының тәлімгері Азамат Жомартов "Алай" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы "Кыргызский футбол" басылымы хабарлап отыр.
"Атырау" футбол клубының тәлімгері Азамат Жомартов "Алай" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы "Кыргызский футбол" басылымы хабарлап отыр.
25 жастағы қазақстандық қақпашы Ош қаласының клубына жақында барған, оған дейін "Алай" маусым алды дайындықты грузиялық голкипер Давид Купатадземен өткізген еді. Алайда спорт директоры Иракли Хведелиани клубтан кеткеннен кейін қақпашы да келісімшартын бұзды.
Өткен маусымда Жомартов қырғызстандық өзге клуб "Қағанат" сапында ойнаған. Бірақ пандемия салдарынан команда сырттан келген футболшылармен қош айтысқан еді.
Қырғызстаннан кейін Азамат "Арыста" ойнап, бірінші лигада өнер көрсетті. Сонымен қоса, ол "Қыран" мен "Атырауда" ойнаған.
Жарнама