"Қазақ жақсы әсер қалдырды". Ресейлік БАҚ Зайнутдиновты Еуропа лигасы матчіндегі үздік ойыншы деп атады

4 желтоқсан 2020 14:15
Сурет: ЦСКА ФК

Soccer365.ru басылымы Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов "Вольфсбергпен" матчте ЦСКА сапындағы ең мықты ойыншы болды деп есептейді.

Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы ойын Мәскеуде өтіп, 1:0 есебімен қонақтар жеңді. 

"Матчтің үздік ойыншысы - Зайнутдинов. Бастапқыда ЦСКА жанкүйерлері трансферді бағаламаған еді, ал енді Қазақстан құрамасы футболшысына бүйректері бұрды. Бахтиер оң жақ қапталдағы қорғанысқа шықты - бұл оған жаңалық емес, ол әмбебап ойыншы. Орны қорғаныста болғанымен, Зайнутдинов бәр жерде болды - оң жақтан шабуылда жүгірді, сол жақтан да (пенальти әкеле жаздады), қорғанысты да ұмытпады - матч басында тамаша финтпен "Вольфсберг" шабуылын бастатқызбай, керісінше "әскерилер" шабуылына түрткі болды. Жалпы, қазақ қорғаушы? Жартылай қорғаушы?  Жарайды, Зайнутдинов тамаша әсер қалдырды - ЦСКА командасының бүгінгі ойынында жалғыз сол көңілге медеу болды", - делінген мәтінде.