Қазақ футболшының алаң ортасынан салған добы жылдың ең мықты голы атағына ұсынылды

Сурет: givemesport.com

Британиялық SPORTbible басылымы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасындағы Албаниямен матчте алаң ортасынан салынған голына тамсанды.

"Тоқта, не істеп жатырсың? Алаң ортасынан салынған гол. Қазақстандық Айбол Әбікен голкиперді абдыратып, жыл голының бірін салды. Адам сенгісіз", - делінген басылым твиттерінде. 

Айта кетейік, Айбол салған гол Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқармады, есеп 1:3 Албания пайдасына.