Қазақ футболшы Ұлттар лигасында алаң ортасынан әдемі гол салды

Сурет: kff.kz

Қазақстан құрамасының футболшысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Албания құрамасының қақпасына алаң ортасынан гол салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұған дейін Қазақстан құрамасының тарихында мұндай гол болған емес.

Ойын Тиран қаласында өтті. 

Айбол әдемі голды ойынның 24-минутында салды. Оған дейін Қазақстан құрамасының қақпасына екі доп салынған. Әбікен алаңның дәл ортасында қарсыластарынан допты алып шығып тепті. Ал қақпашы доптың "бұлай аяқ астынан" келетінін күтпеген болса керек.