Қазақ футболшы Ресей премьер-лигасындағы клубтың ең қымбат ойыншысы

11 қыркүйек 2020 10:34
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, "Химки" клубына сапына ауысқан Қазақстан құрамасының футболшысы Исламбек Қуат ресейлік команданың ең қымбат ойыншысы болып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Портал қазақстандық футболшының трансферін 1,5 миллион еуроға бағалап отыр. "Химкидің" биылғы құрамында Исламбек келгенге дейін бір ғана ойыншысының құны миллионнан асқан болатын - "Сапртактың" жартылай қорғаушысы Александр Ломовицкий. Жалға алынған футболшының құны 1,4 миллион еуро.

Исламбектің "Химки" құрамына ауысқаны жайлы 10 қыркүйекте белгілі болды. Мұның алдында ол ресейлік өзге клубта - "Оренбургте" ойнаған еді. Қазақстанда футболшы "Қайрат" пен "Астана" командаларында өнер көрсеткен.