Қазақ футболшы еуропалық клубқа бірінші жеңіске жетуге көмектесті

Сурет: "Валмиера" ФК
Сапында қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов ойнайтын латвиялық "Валмиера" клубы маусымдағы бірінші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Латвия чемпионатының төртінші туры аясында "Валмиера" өз алаңында "Тукумс 2000" командасын 2:0 есебімен ұтты. Алаң иелері сапында Толуваласе Арокодаре (50-ші минут) және Эрикс Пунцулс (83) гол салды.

Сәрсенов алаңға "Валмиераның" негізгі құрамында шығып, 90 минут толық ойнады. Бұл қазақстандық футболшының латвиялық клуб үшін осы маусымдағы төртінші ойыны. 

"Валмиера" төрт ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді. "Тукумс" (0) соңғы орында.