"Қайсардың" капитаны алдағы маусымда "Каспий" сапында ойнайтын болды
©"Қайсар" ФК
"Каспий" 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нарзілдаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы ақтаулық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
"Каспий" 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нарзілдаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы ақтаулық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
Нәрзілдаев 10 жыл бойы "Қайсардың" намысын қорғады. Ол бірнеше жыл команданың капитаны болды. Қызылордалық клубпен бірге 2019 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алды (1999 жылдан бері алғаш рет).
Жартылай қорғаушы "Қайсар" жейдесінде бас-аяғы 172 кездесу өткізіп, 9 гол соқты, 17 нәтижелі пас берді.
Жарнама