"Қайсардың" екі легионері командадан кетті

©"Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсардан" тағы екі легионер футболшы кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Командадан франциялық Усман Н’Диайе мен черногориялық Йован Чадженович кетті. 

Еске салайық, бұған дейін "Қайсар" сапынан Каролис Лаукжемис, Гегам Кадимян, Стефан Денкович, Бон-Филь Калеб Бименьимана секілді футболшылар кеткен еді. Ал Арман Кеңесов "Ақтөбеге" ауысты. Команданың капитаны Думан Нәрзілдаев "Астанамен" келісімшарт жасауы мүмкін. Елжас Алтынбеков болса "Мақтааралмен" келіссөз жүргізуде. 

Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша қызылордалық команда 13-орын алып, бірінші лигаға түсіп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: