"Қайсар" сапында ойнаған футболшы 37 жасында көз жұмды

25 желтоқсан 2020 18:10
Беларусь футболшысы Максим Цыгалко өмірден озды, деп хабарлайды  Tribuna.com.

Футболшының жасы 37-де ғана болатын. Қалай қаза болғаны жайлы хабар айтылмаған. 

Максим Цыгалко 2004 жылы Беларусь елінің чемпионы, кубок иегері (2002/2003) болған. Ұлттық құрама сапында екі ойынға қатысқан. 

Өз елінде "Динамо Минск", "Нафтан", "Савит" командаларында, Арменияның "Бананц" клубында доп тепкен. 2007-2008 жылдары Қызылорданың "Қайсар" командасында ойнаған. 21 кездесуге шығып, 7 гол соққан. 
Метки:
Жаңалықтар