"Қайсар" сапынан айлық азайтуға келіспеген кезекті ойыншы кетті

Сурет: "Қайсар" ФК
Белгілі футбол агенті Валериюс Мижигурскис Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Қайсар" командасынан кезекті футболшының кеткенін айтты. 

"Қайсарда" ойнадым ғой бұрын, бәрін білемін, спорт директоры жақсы досым. Клубтағы жағдай қандай? Білуімше олар барлық футболшылармен еңбекақыны азайта тұруға келісіуге тырысқан. Қазірде екі футболшы бұдан бас тартты. Иван Пешич пен Алексей Шумских. Бұл менің білетінім, тағы кеткендер де бар шығар", - дейді Мижигурскис.
 
Еске салайық, хорватиялық ойыншы "Қайсарда" бюджеттің қысқарғанын хабарлаған. Қызылордалық клубта легиоенрлердің көпшілігі мен бапкерлер штабы айлықты төмендетуге келіспей отырған көрінеді. "Қайсар" қазір Қазақстан кубогының иегері статусында және 2020/21 жылғы Еуропа лигасы іріктеуіне қатысады. Биылғы маусымда команда ҚПЛ-де екі ойын өткізіп, "Ертіс" пен "Оқжетпесті" ұтты. 
Жаңалықтар