"Қайсар" өз алаңындағы "Астанамен" матчке көреремендерді кіргізеді

Сурет: "Қайсар" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші турындағы "Қайсар" - "Астана" матчі көрермендермен өтеді, деп хабарлайды қызылордалық клубтың баспасөз қызметі. 

Стадиондағы барлық орынның 20 пайызын ғана толтыруға рұқсат етіледі. Ал "Қайсар" басшылығы жанкүерлерді арнайы бөлінген орындарға орналасып, бетперде тағуын сұрайды. 

"Билеттер сағат 10:00-нан сатылымда. Ересектер билетінің құны - 300 теңге, ал 14 жасқа дейінгі балаларға - 150 теңге", - делінген клуб хабарламасында.

Еске салайық, "Қайсар" - "Астана" матчі бүігн, 18 мамырда өтеді. Басталуы 21:00. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Метки: