"Қайсар" Литвада доп тепкен қазақстандық футболшымен толықты
©"Қайсар" ФК
Қызылордалық "Қайсар" 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Қызылордалық "Қайсар" 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Сламбеков - "Қайрат" академиясының түлегі. Ол бұған дейін "Бәйтерек", "Оқжетпес", "Жетісу", "Ақтөбе", сондай-ақ, Литваның "Стумбрас" және "Гегльман" клубтарында өнер көрсетті.
Демият Сламбековтың соңғы клубы "Ақсу" болды, ол өткен жылы павлодарлық команда үшін 11 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Жарнама