Футбол
12 қаңтар 2022 17:22
 

"Қайсар" капитаны карьерасын қайда жалғастыратыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

"Қайсар" капитаны карьерасын қайда жалғастыратыны айтылды ©"Қайсар" ФК

Жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов карьерасын Бірінші лигаға түсіп қалған "Қайсарда" жалғастыра береді, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

blog.share

Жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов карьерасын Бірінші лигаға түсіп қалған "Қайсарда" жалғастыра береді, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Биыл 37 жастағы футболшы "Қайсар" сапында 25 кездесуге қатысып, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Қазақстан кубогінде жеті кездесу өткізді. 

Байжанов - Қызылорда футбол мектебінің тәлімгері. Ол "Қайсар" сапында 2002-2004, 2006-2008 және 2017-2019 жылдары ойнаған. Жалпы бұл клуб сапында ол 235 ойынға қатысып, 28 мәрте гол соққан. 

"Астана" командасы "Қайсардың" капитанымен келіссөз жүргізуде

Сонымен қатар, жартылай қорғаушы "Ертіс" (19 ойын), елордалық "Локомотив" (19 ойын), "Ақтөбе" (3 ойын), талдықорғандық "Жетісу" (13 ойын, бір гол), "Атырау" (25 ойын, 5 гол) және қарағандылық "Шахтер" (135 ойын, 12 гол) сапында өнер көрсеткен. 

Қазақстан Премьер-лигасында ол бас-аяғы 449 ойынға қатысып, 46 мәрте көзге түскен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!