"Қайсар" африкалық құрама ойыншысын сапына қосты

©Facebook.com

Жоғары дивизионға оралған "Қайсар" құрамын күшейтіп жатыр. Осылайша, қызылордалық клуб сапына тағы бір жаңа футболшы қосты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Қайсар" Буркино-Фасо құрамасының ойыншысы Бен Загремен алдағы маусымға келісімшарт жасады. Футболшы бұрын Армения ("Улисс"), Португалия ("Витория Гимарайнш") және Дания ("Эсбьерг") чемпионаттарында өнер көрсеткен. 2016 жылы Бен Загре Мысырға қарсы матчте ұлттық құрамасы үшін бір рет алаңға шыққан.

24 жастағы қорғаушы ойнаған соңғы клуб португалиялық "Фафе" болды. 2022 жылдың маусым айынан бері футболшы командасыз жүрді. 

Еске салайық, "Қайсар" бірінші лигада екінші орынға шығып, ҚПЛ-ге жолдама алған болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport