Алматылық "Қайрат" командасының үш бірдей футболшысы Конференция лигасы плей-офф кезеңінде люксембургтік "Фола" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Беларусь қорғаушысы Денис Поляков Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде "Алашкертке" (2:3) қарсы матчте қызыл қағаз алды. Дәл сол ойында екі сары қағаз үшін Айбол Әбікен да алаңнан қуылды. Ал "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп болса еурокубок ойындарында үш рет сары қағаз алған. Осыған байланысты алдағы ойынға ол да қатыса алмайды.
"Қайрат" командасы 9 сағаттық сапардан кейін Люксембургке жеткен. Жоспар бойынша енді бүгін команда кешкі жаттығуын өткізуі керек.
Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 19 тамыз күні өтеді. Ойын 23:30-да басталады. Жауапты кездесу бір аптадан соң Алматыда өтеді.