"Қайраттың" төрт бірдей ойыншысы ұлттық құрамаға шақыртылды

Айбол Әбікен. Сурет: "Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасына "Қайрат" клубынан төрт ойыншы шақыртылды. Бұл туралы алматылық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Олар Стас Покатилов, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен және Данияр Үсенов.

Ұлттық команда 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтеріне дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

28 наруызда Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда 28 наурыз өз алаңында Франциямен, ал 31-ші наурызда Украина құрамасымен ойнайды.

Жаңалықтар