"Қайраттың" тәлімгері жаңа командаға ауысты

©"Қайрат" ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Рашид Люхай жаңа командаға ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жаңа маусымнан бастап ол бірінші лигада ойнайтын "Жеңіс" (Нұр-Сұлтан) командасының намысын қорғайды. 

Люхай "Қайраттың" тәлімгері. Ол Қазақстан жасөспірімдер құрамасында ойнаған. Алматылық командадан бөлек ол "Ақжайық", "Жетісу" және "Мақтаарал" сапында өнер көрсеткен. 

Айта кетейік, өткен маусымды Люхай "Мақтаарал" сапында өтізді, ал команда Премьер-лигаға жолдама алды. Бірінші лигада футболшы 20 кездесуге қатысып, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport