"Қайраттың" тағы бір футболшысы "Астана" сапына ауысты

©"Астана" ФК

Футболдан Беларусь құрамасының қорғаушысы Денис Поляков "Астана" сапына ауысты. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Поляков Беларусь футбол мектебінің түлегі. Ол бірінші рет солигорлік "Шахтер" сапында ойнады. Содан соң 2012 жылы БАТЭ қатарына өтті. 

Борисовтік клуб сапында жалпы 200-ден астам кездесу өткізіп, жеті мәрте ел чемпионы атанды. 2018 жылдың желтоқсан айында ол Ресей біріншілігіндегі "Урал" сапына ауысты. 

Поляков соңғы екі маусымды "Қайрат" сапында өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды. Негізі бұл әмбебап футболшы. Орталық қорғаушы қызметінен бөлек, Денис оң қапталдағы қорғаушы және тіреуіш жартылай қорғаушы қызметін атқара алады. 

Еске салайық, осыған дейін "Қайраттан" "Астанаға" Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян алмасқан болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport