"Қайраттың" ресейлік қорғаушыны қаншаға сатып алғаны айтылды

©ЦСКА

Алматылық "Қайрат" ресейлік қорғаушы Виктор Васинді мәскеулік ЦСКА командасынан қаншаға сатып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ПФК ЦСКА Москва телеграмм-каналы. 

Дереккөздің мәліметінше, Васинді "Қайрат" 100 мың еуроға сатып алған. Дегенмен оның футбол нарығындағы бағасы 500 мың еді. 

Айта кетейік, Васин бұған дейін мәскеулік ЦСКА командасы сапында өнер көрсетіп, үш мәрте Ресейдің чемпионы атанған. Екі мәрте Ресей кубогін жеңген. Сонымен қатар, қорғаушы Ресей құрамасы сапында 13 кездесу өткізіп, екі гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport