"Қайраттың" ресейлік қақпашыға қатысты жоспарының анығы айтылды

3 желтоқсан 2021 13:49
© РИА Новости

"Химкидің" бақылау кеңесінің мүшесі Роман Терюшков алматылық "Қайратпен" қақпашы Илья Лантратовтың трансфері бойынша келіссөз жүріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзін Sport24 беріп отыр.

"Бір түсініксіз ақпарат. Лантратов жайлы "Қайраттан" ешқандай ұсыныс болған жоқ және келіссөз де болмайды. Ильямен қыста қоштаспайтынымыз анық", - дейді ресейлік клуб жетекшілерінің бірі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар