"Қайраттың" Ресей премьер-лигасындағы клубқа қарсы ойнына тікелей трансляция

© "Қайрат" ФК
Бүгін, 13 ақпанда алматылық "Қайрат" Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік "Динамоға" қарсы жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Белекте өтетін матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Ойынды "Қайрат" клубының ресми YouTube арнасынан тамашалуға болады. 



Айта кетейік, "Қайрат" өткен маусымда ҚПЛ-дің күміс жүлдегері болды, ал "Динамо" қысқы үзіліске РПЛ-дегі 16 команда арасында сегізінші болып шықты. 

Еске салайық, алматылық клуб үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік "Динамодан" басқа украиналық "Днепр-1" (15 ақпан), санкт-петербургтік "Зенит" (17 ақпан) және қазандық "Рубин" (19 ақпан) командаларымен ойнайды. 
Жаңалықтар