"Қайраттың" ойсырай ұтылғаны қостанайлықтарды жеңген "Астананы" чемпион етті

© "Астана" ФК
Қазақстан премьер-лигасы 32-ші турында қостанайлық "Тобылды" жеңген "Астана" мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан чемпионаты аяқталуыға бір тур қалғанда чемпион анықталды. Қостанайда өткен ойында "Астанаға" жеңіс сыйлаған голды 38-ші минутта Юрий Логвиненко соқты.



Ал чемпиондық атаққа үмітті болып келген "Қайрат" Павлодарда "Ертістен" 5:0 есебімен ұтылды. "Ордабасы" 32-ші турда "Атырауды" ұтып, үшінші орынға көтерілді.

Бірінші лига ойындарының нәтижесі бойынша "Қызылжар" мен "Каспий" клубтары премьер-лигаға шықты. Петропавл қаласының командасы араға бір салып оралса, ақтаулық команда 2001 жылдан бері жоғарғы лигада ойнамаған. Қосымша бір жолдамаға "Ақжайық" таласады, ал қарсыласы премьер-лиганың соңғы турында анықталады.

Ел премьер-лигасының соңғы туры 10 қараша күні өтеді. 

32-ші тур нәтижелері:  "Ақтөбе" - "Шахтер" 3:2, "Атырау" - "Ордабасы" 1:3, "Тараз" - "Қайсар" 2:1, "Ертіс" - "Қайрат" 5:0, "Оқжетпес" - "Жетісу" 1:1, "Тобыл" - "Астана" 0:1.

"Астана" титулды осымен алтыншы рет қатарынан ұтып тұр. 2014 жылдан бастап команда Қазақстан чемпионы атанып келеді.

Матчке шолу:

Жаңалықтар