Бүгін, 6 мамыр күні Қызылорданың "Қайсар" клубы Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 20-туры аясында алматылық "Қайратты" қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Қызылорда қаласында өтіп, Астана уақытымен 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ ойынды арнаның ресми сайтынан көруге болады.
Бұдан бөлек, ойын KFF League YouTube-арнасында да тікелей эфирде ұсынылады.
Бұл кездесуге дейін "Қайрат" 18 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал "Қайсар" 6 ұпаймен 13-орында орналасқан.