"Қайраттың" көшбасшысы еуропалық командаға ауысуға жақын

©instagram.com/mackybagnack3

"Қайраттың" қорғаушысы Маки Баньяк еуропалық командалардың біріне ауысуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Сamfoot.com порталының ақпараты бойынша, 27 жастағы камерундық футболшыда бірнеше ұсыныс жасалған. Олардың қатарында "Партизан" командасынан да. Қорғаушы "Қайратқа" ауысар бұрын 2021 жылы осы сербиялық команда сапында ойнаған. Футболшының айтуынша, белградтық команданың өкілдері хабарласып, келіссөз де бастаған екен. 

Сонымен қатар, Баньякқа испаниялық "Реал Сарагоса" командасы мен Францияның екінші біріншілігінде өнер көрсететін команда да көз тіккен. 

Баньяк өз еркіне салса, "Қайраттан" қазір кетуге дайын. Бірақ оның алматылық командамен келісімшарты 2023 жылдың соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар