"Қайраттың" көшбасшы футболшысы германиялық клубқа ауысты

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Бундеслигада өнер көрсететін командамен келісімшарт жасап, Польша құрамасының сапына қайта қосылды. Бұл туралы meczyki.pl хабарлады. 

Осыған дейін 29 жастағы футболшының германиялық "Бохуммен" жеке келісімге келгені айтылған еді. Ол тек медициналық тексерістен өту керек болатын. 

Осыған байланысты Гуральски Ұлттар лигасы Бельгияға қарсы (1:6) ойынға қатысқан жоқ. Енді Польша құрамасы келесі кездесуін 11 маусым күні Нидерландыға қарсы өткізеді. 

Ал "Бохум" өткен маусымда Бундеслигада 13-орын алды. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар