"Қайраттың" көшбасшы футболшыларының бірі испаниялық клубқа ауысуы ықтимал

6 желтоқсан 2021 16:28
©"Қайрат" ФК

"Қайрат" пен Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян қысқы трансферлік кезеңде командасын ауыстыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Қорғаушыға бірнеше еуропалық команда қызығушылық білдіруде. 

Оганесянның алматылық командамен келісімшарты биыл жыл соңында аяқталады. Дегенмен "Қайрат" басшылары қорғаушыға жаңа келісімшарт ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ футболшының өзі шартнаманы ұзартуға асығар емес. Себебі оған Испания біріншілігінде ойнайтын команда көз тігіп отыр. Сонымен қатар, ол Грекия біріншілігінде өнер көрсететін командадан да ұсыныс алған. 

Армениялық қорғаушы үшін Еуропа чемпионатына ауысуы басты мақсат болып тұр. Өйткені ол Қазақстанда барлық жүлделерге қол жеткізіп қойды. 

Биыл қорғаушы Қазақстан біріншілігінде жалпы 25 кездесу өткізіп, төрт гол соққан. Оганесянды Transfermarkt порталы 900 мың еуроға бағалап отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: