Бүгін, 28 тамызда Монакода УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша алматылық "Қайраттың" қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайраттың" қарсыластарыҚазақстандық клуб жалпы кезеңде "Панатинаикоспен" (өз алаңында), "Аталантамен" (сыртта), "Университатя Крайовамен" (өз алаңында), "Твентемен" (сыртта), "Мьельбюмен" (өз алаңында) және "Ригамен" (сыртта) кездеседі.
Конференция лигасының жалпы кезеңі 15 қазанда басталып, алтыншы, яғни соңғы туры 17 желтоқсанда өтеді.
"Қайрат" үшін бұл Конференция лигасының жалпы кезеңіне тарихында екінші рет шығуы. Алматылықтар алғаш рет аталған кезеңде 2021/22 жылғы маусымда өнер көрсеткен.
Қазіргі маусымды "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Черногорияның "Сутьескасы" мен Кипрдің "Омониясынан" басым түсті. Алайда үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық "Левскиге" жол берді. Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық "Андерлехттен" жеңіліп, Конференция лигасына түсті.