"Қайраттың" Конференция лигасындағы ойындарына жанкүйер кіре ала ма? Клуб жауап берді

©Қайрат сайтынан

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасында "Омонияға" қарсы кездесуге жанкүйерлер кіре ала ма, жоқ па деген сауалға жауап берді. 

"Қайрат" футбол клубы "Омонияға" қарсы кездесуге жанкүйерлердің кіру-кірмеу мәселесі әлі шешілмегенін хабарлайды. 

Біз бұл сауалдың тез арада шешілуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Соңғы шешім Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Бекшин Ж.М қыбалдайды. 

"Қайрат" пен "Омония" командалары арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын 20:30-да басталады", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, кипрлік командадан басқа Конференция лигасында "Қайратпен" бір топта швейцариялық "Базель" және әзірбайжандық "Карабах" командалары бар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: