Италиялық "Аталанта" Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Амстердамның "Аяксына" сырт алаңда есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Амстердамда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына аяқталды - 2:0 .
Нидерландтық клуб қарсылас қақпасына 87-минутта гол соғып, қосымша уақытта басымдығын бекітті. 87-минутта есепті Толуваласе Арокодаре ашты, ал 90+3-минутта Абделла Уазан екінші голды соқты.
Жалпы кезеңнің келесі турында, 5 қарашада, "Аякс" сырт алаңда Данияның "Мидтьюлланн" клубымен кездеседі. Сол күні Италияның "Аталантасы" алматылық "Қайратпен" өз алаңында ойнайды.
Қазақстандық клуб "Ригамен" 1:1 есебімен тең түсіп, бір ұпай жинады. Ал өз алаңында грекиялық "Панатинаикостан" 1:5 есебімен ұтылды.