"Қайраттың" Конференция лигасындағы "Карабахпен" Алматыда өтетін ойнына тікелей трансляция

©Azerisport.com

Бүгін, 4 қараша алматылық "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында әзірбайжандық "Карабахпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматының орталық стадионында өтетін матч 21:30-да басталады. Бұл кездесуді Qazaqstan тікелей көрсететеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Өткен турда "Карабах" өз алаңында "Қайратты" 2:1 есебімен ұтқан. Жеті ұпай жинаған әзірбайжандық клуб "Базельмен" (7) бірінші-екінші орынды алып отыр. Алматылықтарда бірақ-ақ балл, кипрлік "Омония" ұпайы да осындай.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport