"Қайраттың" қожайыны Боранбаев қамауға алынды

©exk.kz

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот мәліметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Соталы тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​жатпайды.

Қайрат Боранбаев - бизнесмен, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы. Forbes Kazakhstan-ның 2021 жылғы "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері" рейтингіне енеді. Forbes мәліметінше, ол Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's франшизасына, сондай-ақ, "Алекс-Сарыағаш" минералды су құю компаниясы, "Алмалы" активтерді басқару компаниясы" ЖШС, "Кемикал" қазақстандық мұнай-химия компаниясы" ЖШС, "ҚазТурбоЖөндеу" холдинг компаниясы" ЖШС-на иелік етеді.

Сонымен қатар, бизнесменге Алматыдағы Aparking ақылы көлік тұрағын басқаратын "RR2" ЖШС, Fitnation фитнес-клубтар желісі, "Рахат Палас" қонақ үйі, Esentai Mall 50 пайызы, Esentai Tower БО 50 пайызы, "Қайрат" футбол клубының мажоритарлық үлесі тиесілі.

Боранбаев ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа да серіктестерімен бірге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" вакцинасын құйып отырған "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС иеленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар