Алматы қаласының спорт басқармасы "Орталық" стадионына қатысты алдағы жылдарға арналған жоспарларын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің мәліметінше, "Қайрат" клубы "Орталық" стадионның пайдаланылуына алаңдамауына болады — алматылық команда жаңа стадион салынғанға дейін өз матчтарын осы аренада өткізе береді.
Ал стадионды қайта жөндеу жұмыстары ауқымды болмайды, бірақ қала әкімдігі бірқатар жаңартулар жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда:
Сондай-ақ спорт нысанындағы басқа да инфрақұрылымдық бөлшектер жетілдіріледі. Дегенмен жөндеу жұмыстарының нақты басталу мерзімі әзірге белгісіз.
Бұған дейін алматылық клубтың президенті Қайрат Боранбаев клубтың жаңа стадионы қашан салынып бітетіні жайлы айтқан болатын.
Айта кетейік, биыл "Орталық" стадионда бірнеше ірі шара өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті мен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчтар бар.