"Қайраттың" капитаны "Тобылға" қарсы кездесуге қатыспайды

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" капитаны Сергей Кейлер ҚПЛ-дің 18-турында "Тобылға" қарсы өтетін матчқа қатыспайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Алматылық команданың қорғаушысы алдағы ойында сары қағаздың көптігіне байланысты қатыса алмайды. Кейлер 17 турда "Каспийге" қарсы кездесуде биылғы маусымдағы төртінші сары қағазын алды. 

Биылғы маусымда қорғаушы 17 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар