"Қайраттың" капитаны командадан кететінін мәлімдеді
Алматылық "Қайраттың" капитаны Яцек Гуралькси командамен келісімшартты ұзартпайтынын растады. Бұл туралы Przegląd Sportowy порталы жазды.
Алматылық "Қайраттың" капитаны Яцек Гуралькси командамен келісімшартты ұзартпайтынын растады. Бұл туралы Przegląd Sportowy порталы жазды.
"Менің "Қайраттан" кететінім туралы ма? Иә, бұл рас ақпарат. Бұл клубпен келіссөздің нәтижесі. Бірақ мен нақты қашан команда ауыстыратынымды білмеймін. Екі нұсқа бар. Біріншішісі, мен жазда "Қайратпен" келісімшартымның аяқталуына жарты жыл қалғанда кетемін. Екіншісі, жарты жылдан кейін, яғни келісімшартым аяқталған соң. Нақты қалай болатынын білмеймін. Егер менің қалауыма салса, жазда кетер едім. Екі тарап үшін де бұл дұрыс шешім болады деп ойлаймын. Себебі, желтоқсан айында біздің құрама әлем чемпионатында ойнайды. Мен Катардағы әлем чемпионатына баруға ниеттімін", - деді Гуральски.
Еске салайық, польшалық футболшы "Қайрат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның алматылық командамен 2020 жылдың желтоқсан айына дейін келісімшарты бар.
Биыл Гуральски "Қайрат" сапында бес кездесуге қатысты. Ал Transfermarkt порталы бұл футболшыны 1,8 миллион еуроға бағалап отыр.
Жарнама