"Қайраттың" қақпашысы ресейлік командаға ауыспайтын болды

21 желтоқсан 2021 16:26
©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" қақпашысы Стас Покатилов "Ростовтың" трансферлік жоспарына кірмейді, бірақ ойыншы мансабын Ресейдің басқа клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұған дейін футболшының "Ростовқа" ауысатыны туралы ақпарат пайда болған еді, бірақ ресейлік клуб қазақстандық қақпашыны қатарға қосуды жоспарлап отырған жоқ. Команданың қазіргі бас бапкері Виталий Кафанов Покатиловпен байланысқа шыққан екен, ал Стас бұл жаттықтырушыға Ресей чемпионатына қайта оралғысы келетінін айтқан. Покатиловпен Қазақстан құрамасында және сол "Ростовта" бірге жұмыс істеген Кафанов ойыншыны ресейлік клубтарға ұсынуға дайын.

Еске сала кетейік, өткен маусымда "Қайраттың" капитаны Премьер-лигада 25 матч өткізді, ел кубогінде жеті рет алаңға шықты, ал еурокубок бәсекесінде 13 ойынға қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: