"Қайраттың" қақпашысы ресейлік командаға ауысатын болды

©"Қайрат" ФК

"Ақтөбе" командасы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловқа қызығушылық білдіруде, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Орал футбол мектебінің тәлімгері 2015 жылы "Ақтөбе" сапында өнер көрсетіп, кейін Ресей чемпионатына ауысқан еді. Бірақ соңғы алты маусымда Покатилов "Қайрат" командасының намысын қорғады. 

Алматылық клубтан қақпашысы жалақысының қысқартылуына байланысты кетті. 

Ал Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, Покатиловтың өзі ресейлік "Ростов" командасына қосылуға ниетті. Бұл команданы қазір Виталий Кафанов жаттықтырады. Бұл маманмен Стас осыған дейін "Ростов" сапында және Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: