Футбол
21 қазан 19:11

"Қайраттың" жаңа стадионы қашан дайын болады?

©

«Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев қазақстандық клубқа жаңа стадион салу жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боранбаевтың айтуынша, арена құрылысына арналған жер телімі анықталған және нысан 2027 жылдың соңында пайдалануға беріледі.

– Қазіргі таңда жаңа стадион құрылысына қатысты келіссөздер қандай деңгейде?

– Аэропортқа жақын маңнан орын таңдалды. Жоба дайындалуда, ал құрылыс жұмыстары Жаңа жылдан кейін басталады. Стадионның сыйымдылығы шамамен 35 мың көрерменге есептелген.

– Пайдалануға беру мерзімі қашан деп жоспарланып отыр?

– 2027 жылдың соңы, – деді Боранбаев «Чемпионат» тілшісі Григорий Телингатерге берген эксклюзивті сұхбатында.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport