"Қайраттың" жаңа бапкеріне қатысты мәлімет пайда болды
Алматылық "Қайрат" командасын ақыры 68 жастағы Курбан Бердыев жаттықтыратынға ұқсайды. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлады.
Алматылық "Қайрат" командасын ақыры 68 жастағы Курбан Бердыев жаттықтыратынға ұқсайды. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлады.
"Бердыевті 30 жылдай жеке танитын клубтағы тағы бір мәлімет көзі "Қайраттың" келесі бапкері Курбан Бекиұлы болатынын растады", - делінген хабарламада.
Мұның алдында, 33 жастағы Шпилевский жақын арада алматылық клубтан кетуі ықтимал екені хабарланған. Қазақстан чемпионы биылғы маусымды нашар бастады, команда 13 турда бес рет қана жеңіске жетті.
Ал 13-ші турдағы "Астана" - "Қайрат" матчін (1:1) тамашалаған алматылық клуб жетекшілерінің арасында Бердыев те болған.
"Қайратты" жетпіске таяған ресейлік маман жаттықтырмақ - БАҚ
Жарнама