"Қайраттың" футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Сурет: "Қайрат" АФК

"Интер" және "Спортинг" футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Екі команда да 1/4 кезеңде ресейлік клубтарды ұтты.

Осылайша, испаниялықтар "Газпром-Юграны" 3:0 есебімен ұтты. Ал португалиялықтар 3:2 есебімен "КПРФ" командасынан басым түсті. 

"Интер" мен "Спортинг" өзара финалға жолдама үшін 1 мамырда ойнайды. Ойын Қазақстан астанасының уақытымен 19:00-де басталады. Ал 23:55-те алматылық "Қайрат" пен испаниялық "Барселона" кездесу өткізеді. 

Еске салайық, 1/4 финалда қазақстандық клуб португалиялық "Бенфиканы" жеңген болатын.

Турнир финалы 3 мамырда өтеді.

Метки: