"Қайраттың" футзалдан Чемпиондар лигасы элиталы раундындағы шешуші матчіне тікелей көрсетілім

5 желтоқсан 2021 10:46
©"Қайрат" АФК

Бүгін, 5 желтоқсанда "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасы элиталы раундында шешуші әрі соңғы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсылас "Тюмень" болады, ресейлік команда мини-турнир қожайыны және алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Алматылықтарда төрт балл, демек, осы ойында тек жеңіс қажет. Өйткені жарыс жолын топтан бірінші шыққандар ғана жалғастырады.  

Матчі Qazsport көрсетеді. Басталуы 20:00-де. Трансляция телеарнаның сайтында қолжетімді.

Финалдық кезең қатысушылардың бірінің алаңында өтеді. Ол матчтер 28/29 сәуір және 30 сәуір/1 мамыр күндері болады.

"Қайрат" турнирдің екі дүркін жеңімпазы және "Төрттік финалына" оныншы рет шыққан бірінші команда болуға тырысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар