"Қайраттың" Еуропа лигасындағы қарсыласы "Реал" ойыншысымен күшейді

11 қыркүйек 2020 09:21
Сурет: Readfootball.com
Еуропа лигасының екінші іріктеу раундындағы "Қайратпен" ойын алдында "Маккаби" (Хайфа) cапын испаниялық жартылай қорғаушы Хосе Родригеспен күшейтіп алды, - деп хабарлайды израильдік клубтың баспасөз қызметі.

Келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

25 жастағы Родригес карьерасын "Вильяхойос" клубының мектебінде бастаған, одан 2007 жылы "Эркулеске" ауысты да, кейін мадридтік "Реал" сапына қосылды. Алайда клубтың негізгі құрамы үшін бір ғана матчте ойнады.

Сонымен қатар, ол отанында "Депортиво", "Малага", шетелде түркиялық "Галатасарай", германиялық "Майнц 05", израильдік "Маккаби" (Тель-Авив) және голландиялық "Фортуна" сапында өнер көрсеткен. 

2010 жылы футболшы Испания құрамасы үшін де үш ойынға қатысқан. 

"Маккаби" - "Қайрат" матчі 17 қыркүйек Хайфада өтеді.
Жаңалықтар