Алматылық "Қайраттың" УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффындағы ықтимал қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның "Левски" клубынан ұтылса, онда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Грекияның ПАОК және Бельгияның "Андерлехт" командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Ал алматылықтар "Левскиді" жеңіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, онда Грекияның АЕК клубымен кездеседі.
"Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" клубынан (2:1, 2:0), ал екінші кезеңде Кипрдің "Омониясынан" (0:1, 1:0, пенальти сериясында – 6:5) басым түсті.
Айта кетейік, "Левски" мен "Қайрат" арасындағы алғашқы матч 4 тамызда София қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.
Қарымта ойын 11 тамызда Түркістанда өтеді. Матчтың басталу уақыты – 20:00.
Жарнама