"Қайраттың" экс шабуылшысы Вагнер Лав Бразилия чемпионатының екінші дивизионындағы матчта хет-трик жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Чемпионаттың 37-турында "Спорт Ресифи" өз алаңында "Операрио" командасын 5:1 есебімен ұтты. Ал 38 жастағы Лав 13, 31 және 90+2-минуттарда ерекшеленді.
Осы жеңісінен кейін "Спорт Ресифи" 56 ұпаймен турнир кестесінде 6-орынға дейін көтеріліп отыр. 34 ұпайы бар "Операрио" болса 19-орынға түсіп қалды.
Еске салайық, Вагнер Лав 2020 және 2021 жылдары "Қайрат" сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатын және Қазақстан Кубогін жеңді.